Перейти к содержимому
← Біз туралы

Тіл ресурстары

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ресурстар.

Қазақ тілін оқуға арналған порталдар

  • Abai.institute — қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін Қазақстанда және шетелде оқыту мен насихаттауға арналған портал, 6 тілде. Android және iOS қосымшасы бар.
  • Tilqural.kz — ересектерге қазақ тілін A1–C1 деңгейлерінде үйренуге арналған онлайн-курс: тестілеу, сабақтар, жеке кабинеттегі статистика.
  • Tilmedia.kz — қазақ тілін аудио және бейне арқылы үйренуге арналған үштілді сайт: сабақтар, аудиокітаптар, балалар мен ересектерге арналған бейнероликтер.
  • Balatili.kz — үш жастан асқан балаларға, тәрбиешілерге, мұғалімдер мен ата-аналарға арналған сайт: жұмыс парақтары, интерактивті әліпби мен ойындар, өлеңдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер.

Тілдік сауаттылықты арттыруға арналған сайттар

  • Emle.kz — қазақша дұрыс жазу: орфографиялық сөздік, орфография мен пунктуация ережелері, қысқарған сөздер.
  • Termincom.kz — Үкімет жанындағы терминологиялық комиссия бекіткен терминдердің бірыңғай базасы.
  • Sozdikqor.kz — қазақ тілінің сөздік қоры.
  • Qazcorpora.kz — қазақ тілінің ұлттық корпусы.
  • Qujat.kz — іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге арналған үлгілер.
  • Qazlatyn.kz — латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі.