Перейти к содержимому

Ата-аналарға

Тамақтану

Біздің бүлдіршіндеріміз әрбір баланың денсаулығының кепілі болып табылатын толық, теңдестірілген тамақтануды алады.

Күн сайын балалар келесі өнімдерді алуы керек: нан, сүт, сүзбе, ет өнімдері, көкөністер, жемістер, жарма, картоп, сары май. Сусын ретінде шәй, айран, какао, компот, жеміс сусыны, шырын беріледі.

Медициналық ұсыныстарға сәйкес балабақшада күніне 5 рет тамақ беріледі: таңғы ас, жеміс-жидек, түскі ас, түстен кейінгі ас, кешкі ас.

Ата-аналарға кеңес

Балабақшаға жаңадан барған баланы бірден толық күнге қалдырмауға тырысыңыз. Басында баланы шаршатпай тұрып алып кеткен дұрыс, балабақшада болу уақытын біртіндеп ұзартқан жөн.

Балабақшаның жеке гигиенаға байланысты ережелерін біліп алып, оларды үйде де ұстануға тырысыңыз — сонда бала балабақша ережелеріне тез үйренеді.

Міндетті түрде балабақшаға артық киім апарып қойыңыз: қажет болған жағдайда балаға таза әрі құрғақ киім кигізген жөн.

Балаға қойылатын талаптар: киімі мен сыртқы келбеті

  • ыңғайлы киім, барлық ілгектері тағылған;
  • таза келбет, қиылған тырнақтар, қиылған, таралған шаш;
  • таза іш киімдер, беторамалдың болуы;
  • киімнің жыл мезгіліне және ауа температурасына, бала денесінің өлшеміне сәйкестігі;
  • ілгектері мен бауларының баланың өзіне қызмет етуіне ыңғайлылығы.

Ертеңгіліктерде ата-аналардың өзін өзі ұстау ережелері

  • Балабақшада мереке ата-ана үшін емес, бала үшін өткізіледі.
  • Музыкалық залға сыртқы киімін шешіп, екінші аяқ киіммен кіру қажет.
  • Ертеңгілік кезінде ұялы телефонды пайдалануға рұқсат етілмейді.
  • Фото және бейне түсірілім тек өз орныңыздан және меңгерушінің рұқсатымен ғана жүргізіледі.
  • Баланы әңгімемен алаңдатуға, ертеңгілік кезінде орын ауыстырып жүруге болмайды.
  • Ертеңгілікке кіші жастағы балаларды әкелмеген жөн; бала саны көп болса, әр балаға бір ата-ана келеді.
  • Педагогтардың сұрауы бойынша ата-аналар ертеңгілікке қатыса алады (ән айтуға, ойын ойнауға).

Бұл ережелер орындалмаған жағдайда балабақша әкімшілігі ертеңгілікті ата-анасыз өткізуге құқылы: ережелердің бұзылуы балалардың мерекені толыққанды сезінуіне кедергі келтіреді.

Жадынама: «Отбасындағы қарым-қатынас ережелері»

  • Әр таңды жымиюмен атырыңыз.
  • Бала туралы жамандық ойламаңыз.
  • Баланы «оқи» біліңіз.
  • Балаларды бір-бірімен салыстырмаңыз.
  • Баланы жиі және шынайы мақтаңыз.
  • Баланың қылығын оның жаратылысымен біріктірмеңіз.
  • Баламен бірге жасалған іс-әрекеттен қуаныш пен рахат алыңыз.

Жадынама: «Салауатты өмір салтын қалыптастыру»

  • Жаңа күніңізді көңілді күлкі мен ертеңгілік жаттығудан бастаңыз.
  • Салауатты өмір салтын үлгі етіп көрсетіңіз — бұл аса маңызды.
  • Күн тәртібін сақтаңыз.
  • Балаңызды жақсы көріңіз, отбасы мүшелеріңізді сыйлаңыз.
  • Балаңызды күніне 4 реттен кем емес құшақтаңыз.
  • Жаман бала болмайды, жаман қылықтар болады.
  • Шынықтырудың табиғи көздерін пайдаланыңыз — күн, ауа және су.
  • Дұрыс тамақтануды ұмытпаңыз.
  • Демалудың ең жақсы түрі — отбасыңызбен таза ауада серуендеу.
  • Балаңыз үшін ең пайдалы сауық — ата-анасымен бірге ойнағаны.

Тамақтану кезінде өзін өзі ұстау ережелері

  • Тамақтанар алдында қол жуу қажет. Көптеген аурулар кір қолдар арқылы ағзаға енетін бактериялардан туындайды, сондықтан балаларды санитарлық-гигиеналық талаптарға үйреткен маңызды.
  • Тамақтану кезінде ұқыптылық маңызды. Тағамды ұсақ бөлшектермен, шашыратпай, төкпей, нақты шайнап жеген жөн. Ауыз толтырып сөйлемеу керек, тамақтану кезінде әңгімелеспейді.
  • Үстел үстінде өзін дұрыс ұстау керек. Дастарқанмен ойнауға, орындықта шайқалуға, ыдыстарды лақтыруға болмайды: бала жарақат алуы мүмкін, ыстық тағамға күйіп қалу қаупі бар.

Қауіпсіздік ережелері

Тәрбиеленушілердің ата-аналары, заңды өкілдері немесе баланы әкелген өзге де адамдар баланы тәрбиешінің өзіне, ол болмаған жағдайда тәрбиешінің көмекшісіне тапсырып кетуге міндетті.

Баланы балабақшадан ата-анасы немесе заңды өкілдері өздері алып кетуге міндетті. Нақты себеп болған жағдайда (ауырып қалу, іс-сапар, жұмыс кестесінің сәйкес келмеуі) мектепке дейінгі ұйымның басшысының атына жазылған жазбаша өтініш негізінде баланы басқа адамдар (жақын туыстары, таныстары) алып кете алады. Баланы 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге, шарап немесе есірткілік масаң күйдегі адамдарға беруге тыйым салынады.

Балалардың қауіпсіздігі үшін балабақша аумағы тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылау қондырғыларымен жабдықталған.

Балабақшаға қандай заттарды әкелуге болмайды?

  • сағыз, ұсақ әрі қауіпті заттар: ілгек, тиындар, ұсақ әшекейлер, лазерлі ойыншықтар, сынған ойыншықтар, бағалы заттар — баланың қалтасында не барын ата-ана білуі керек;
  • дәрі-дәрмек — баланың сөресінде қалдыруға болмайды;
  • шырындар, жемістер, торттар сияқты тағамдар;
  • қауіпті ойыншықтар: мылтық, пышақ, жебелер, әйнек ойыншықтар;
  • үшкір заттар.

Балаға арты жоқ аяқ киім (сүйретпелер) кигізуге, ірі сырғалар, ұзын алқалар, сақиналар тағуға болмайды. Мектепке дейінгі ұйым қымбат ойыншықтар мен бағалы заттардың сақталуы үшін жауап бермейді.

Ашық терезе — балаға қауіп

Терезені ашу үшін балаға 30 секунд жеткілікті. Құрметті ата-аналар, абай болыңыз!

  • Аз уақытқа болса да, бөлме терезесі ашық жерде балаңызды қалдырмаңыз.
  • Бөлмедегі жиһаздарды терезеден аулақ орналастырыңыз.
  • Бала терезені өздігінен аша алмайтындай етіп, қауіпсіздік құлыптарын орнатыңыз.
  • Баланы ешқашан терезенің алдына қоймаңыз.
  • Ешқашан терезе торына сенбеңіз — ол бала салмағын көтермейді.

Баланың өмірі мен денсаулығы сіздің қолыңызда!

Құрметті ата-ана! «Жеті тиым ережесі»

Балаға ең жақын адамы Сіз болғандықтан, бұл жадынама Сізге арналған. Зорлықтан құтылуға болады, бірақ ол үшін балаға «Жеті тиым ережесін» игеруге көмектесіңіз:

  1. Бейтаныс адамдармен көшеде сөйлесуге және оларды үйге кіргізуге болмайды.
  2. Бейтаныс ер адаммен подъезд пен лифтке кіруге болмайды — басқа үлкендерді күту немесе әйел адамдармен кірген дұрыс.
  3. Үлкендерсіз (ата-ана, мұғалім, жасы үлкен туыстар) бөтеннің көлігіне отыруға болмайды.
  4. Бейтаныс адамдардан сыйлық алуға және олардың үйге немесе басқа жерлерге бару туралы ұсыныстарына келісуге болмайды.
  5. Жалғыз далада кідіруге болмайды, әсіресе қараңғы түскен уақытта.
  6. Бейтаныс адамға пәтер есігін ашуға болмайды.
  7. «Қауіп-қатер тобындағы» адамдармен байланысуға болмайды, егер олар көршілер немесе алыс туыстар болса да.

Кішкентай баланы далада қараусыз қалдырмаңыз, баланы балабақшадан өзіңіз алыңыз. Баламен жылы, сенімді қарым-қатынас құрыңыз.

Бала мен жасөспірімнің жыныстық қолсұғылмаушылығына қатысты зорлық пен қастандық жасау деректері бойынша 102 телефонымен полицияға немесе 90-14-14 телефонымен облыс бойынша кезекші прокурорға хабарлау қажет.