2026 жылғы 24 қыркүйек
Педагогтің бос лауазымына қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ!
1. «№24 «Аққу» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны музыка жетекшісі 1,0 бірлік лауазымына қабылдауға конкурс жариялайды. Конкурс "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
25қыркүйек - 5 қазан 2026 жыл.
Мекеме атауы: «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№24 «Аққу» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.
Білім беру ұйымының орналасқан жері: 030014, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Кеңес Нокин тұрғын үй алабы, Көкшетау көшесі, 5 ғимарат.
Электрондық поштасы: a.aqqu@yandex.kz
Телефон нөмірі: 87029127450, 87058186220
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде https://hr-nobd.edu.kz/ порталы арқылы тапсыра алады